«Алтын Орда» базарының әкімшілігінен 47 миллион теңге тәркіленді
«Алтын Орда» базарының әкімшілігінен 47 миллион теңге тәркіленді
Фото: yandex.kz
658
оқылды
«Алтын Орда» базарының әкімшілігінен 47 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
«Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159-бабы 3-бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 теңге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 теңге айыппұл салынды», - делінген агенттік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы департамент Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын. Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған. Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.