Ауылдық округтерде қауіпті химикаттар шашады - жалған ақпарат
Ауылдық округтерде қауіпті химикаттар шашады - жалған ақпарат
401
оқылды
Telegram мессенджерінде қолданушылар Ақтөбе облысының ауылдық аймақтарында қауіпті химикаттар шашатыны туралы жазуда. Соның салдарынан адамдар тағы да COVID-19 жұқтырады және биыл күзде Үкіметтің белгілі бір құпия жоспарына сәйкес елдің барлық өңірлері «сары» аймаққа өтеді екен. Stopfake.kz сайтының тексеру нәтижесі мұның жалған екенін көрсеткен. Химикаттарды шашу туралы ақпаратқа қауіпті заттарды тасымалдайтын жүк автомобилі түсірілген видео тіркелген. ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.  width=
"Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды", –    деп хабарлады ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сондай-ақ ол қазір Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, сондықтан СОVID-19-ға байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін атап өтті. Демек, таралған ақпарат – фейк. Видеода көшеттерді зиянкестерге қарсы өңдеу барысы көрсетілген, ал өңірлерді коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа көшіру жоспарда жоқ.