ШҚО-да бір алаяқ қант іздегендерден 90 миллион теңге пайда көрген
ШҚО-да бір алаяқ қант іздегендерден 90 миллион теңге пайда көрген
Фото: shymkenttv.kz
305
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында алаяқ арзанға қант сатамын деп 90 миллион теңге пайда көрген, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқ өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағаға қант сататынын жеткізген. Ол азаматтардан алдын ала төлем жасауды сұрап, тауарды тек содан кейін ала алатынын айтты. Алаяқтың айтқанына сенген Өскемен мен Риддер қалаларының 100-ге жуық тұрғыны әйел адамның шотына 5 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ақша жіберген. Ал арам ойын іске асырған ол хабар-ошарсыз кеткен.
"Бір аптаның ішінде 100-ге тарта адам алданып отыр. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 90 миллион теңгені құрайды. Күдікті ретінде Өскеменде тұратын 29 жастағы әйел қолға түсті", – деді департамент баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.