Шымкентте егіз інілерін өрттен құтқарған 12 жасар қыз медальмен марапатталды
Шымкентте егіз інілерін өрттен құтқарған 12 жасар қыз медальмен марапатталды
Шымкентте егіз інісін өрттен құтқарған 12 жасар қыз медальмен марапатталды. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев бейбіт күннің батыры Анна Саворовскаяның еңбегін жоғары бағалады. Батыл да батыр қызды тәрбиелеп өсірген анасына алғыс айтты. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы генерал-майор И.Күлшімбаевтың бұйрығына сәйкес, Анна  Саворовскаяға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін тапсырды. Бұған дейін 12 жасар қыз Қайнарбұлақ саяжайы Зеленая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан сәтте егіз інілерін қауіпсіз жерге шығарып, құтқарып қалған болатын.