Қытайда тағы 352 Қазақстан азаматы қалып кетті
Қытайда тағы 352 Қазақстан азаматы қалып кетті
Фото: Интернеттен алынды
204
оқылды
Қытайда еліміздің 352 азаматы бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Сырты істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 5 ақпан күні Ухань қаласындағы еліміздің 5 азаматы, Өзбекстанның 3 азаматы Ресейдің әуе кемесімен эвакуацияланған. 11 ақпан күні Қытай тарапымен келісім нәтижесінде Нұр-Сұлтанға 218 азамат жеткізілген. Ал бүгін тағы 145 адам Қытайдан бері алынады деп жоспарлануда. – 10-12 ақпан аралығындағы эвакуациялау жұмысынан кейін Қытайда 352 қазақстандық қалады. Оның ішінде шет елдегі мекемелеріміздің қызметкерлері мен отбасы мүшелері бар, – деді отырыста Мұхтар Тілеуберді. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы