Екібастұзда 14 жасар қызды суға шомылатын орында зорлаған ер адам ұсталды

әйел
© platon.asia

Оқиға Екібастұздағы суда болған. Жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. 

"Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан 14 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен", – делінген хабарламада.

Оқиға суға шомылатын орында болған. Онда жасөспірім қыз достарымен бірге ересектердің қарауынсыз жүрген. Күдікті – 28 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр",  – деді ПД-дан.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.