Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында, Жетісу облысында төтенше өрт қаупі бар. Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

23 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болуы мүмкін. Төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда қаласында 23 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.

23 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 42 градус аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтауда 23 шілдеде түнде найзағай ойнайды. Шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда 23 шілдеде найзағай ойнайды. Солүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

25 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 23-24 шілдеде күндіз облыстың таулы аймақтарында, 25 шілдеде солтүстігінде және таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 23-25 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Шымкентте 23-25 шілдеде күндіз 40-42 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.