Нора Джеруто тарихи «алтыннан» кейін әнұран орындалған кезде көзіне жас алды

Нора Джеруто тарихи «алтыннан» кейін әнұран орындалған кезде көзіне жас алды

Жеңіл атлетикадан қазақстандық әлем чемпионы Нора Джеруто марапаттау рәсімінде көзіне жас алды.

Әйелдер арасында 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда қазақстандық Нора Джеруто қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаттары тарихында тұңғыш рет Қазақстанның әнұраны шырқалды.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.