Екі орынбасардың орны қысқарды
Екі орынбасардың орны қысқарды
503
оқылды
Атырау облысы әкімінің екі орынбасары – Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов жұмыстан қысқартылды. «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында айтылған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны екі штаттық лауазымға қысқартылды. Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары – Серік Айдарбеков пен Нариман Таушовтың лауазымдары қысқартылды», – деп жария етті әкімнің баспасөз қызметі. Серік Айдарбеков 2020 жылдың қазанынан бері Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Бұл қызметке дейін ол үш жыл бойы Мәжіліс аппаратын басқарған. Ал Нариман Таушов 2021 жылдың наурызынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ол бұған дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметінде болды. Ауған соғысының ардагері.

М.Төлеу