Өзбекстан президенті Александр Невский орденімен марапатталды
Өзбекстан президенті Александр Невский орденімен марапатталды
Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Александр Невский орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланған. Өзбекстан басшысы екі мемлекет арасындағы «Достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы зор еңбегі үшін» марапатына ие болды.
"Ресей мен Өзбекстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген зор еңбегі үшін Шавкат Мирзиёев Александр Невский орденімен марапатталсын", -делінген президенттің жарлығында.
 width= Александр Невский орденін мемлекеттік құрылыс, мемлекеттік қызмет, ғылым, экономика, мәдениет және өнер салаларында ерекше табыстар мен нәтижелерге қол жеткізген тұлғалар алады.