Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті. Оқиға жұма, 22 шілдеде сағат 19.25 шамасында болған. Облыс орталығында орналасқан К. Рүстембеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейнге батып кеткен.
«Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау лазым. Балаларға барынша сақ болыңыздар», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.