Емшіге барған әйел аяғынан айырылып қала жаздады
Емшіге барған әйел аяғынан айырылып қала жаздады
Батыс Қазақстан облысында емшіге барған әйелдің ауруы асқынып кетті. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, – деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Бұған дейін қант диабетімен ауырып жүрген келіншектің бір аяғын кесіп тастаған. Ал екінші аяғын тазалап тұру қажет. Әйтпесе, гангрена болады. Бірақ келіншек дәрігерлердің ақылына құлақ аспай, емшіге барған. Содан ауруы асқынып кетті.
"Екінші аяғына қауіп төніп тұрған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Соның нәтижесінде әйелдің өмірін де, аяғын да сақтап қалды. Қазіргі кезде ол қажетті ем-дом алып жатыр", – дейді аурухана мамандары.