Талас өзеніне атасы мен немересі батып кетті
Талас өзеніне атасы мен немересі батып кетті
701
оқылды
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылы маңында ағысы күшті Талас өзенінде болған. «23 шілде күні сағат 17:30-да куәгерлер Жасөркен ауылы маңынан өтетін Талас өзенінен ер адамның денесін судан шығарып алған. Кейін мәлім болғанындай, қарт адам немересімен бірге рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сағат 17:50-де қызды іздеу жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 17:10-дар шамасында суға батып кеткен», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. Іздеу жұмыстары 23 шілде күні түнге дейін жалғасып, іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды. 24 шілде күні таң ата іздеу жұмыстары қайта жанданады.