Қазгидромет бүгінгі күн райы болжамын жариялады
Қазгидромет бүгінгі күн райы болжамын жариялады
590
оқылды
«Қазгидромет» РМК шілденің 24-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 24 шілде күні фронталды бөліктердің әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің батысында, шығысында бұршақ жауып, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ұлытаудың оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Жетісу облыстарының шығысында өте қатты ыстық болады.