Ер адам әкелікке тест тапсырған соң, ұлын балабақшаға апарып, қайта алып кетпеген
Ер адам әкелікке тест тапсырған соң, ұлын балабақшаға апарып, қайта алып кетпеген
Ер адам әкелікке тест тапсырған соң, ұлын балабақшаға апарып, қайта алып кетпеген. Қытайда әкелікке тест тапсырып, теріс нәтиже шыққан соң ер адам ұлын балабақшаға қалдырып кеткен. Баламен бірге ол ұялы телефон мен ауыстыратын киімдерін қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлады. Оқиға Гуанси-Чжуан автономды аймағында болған. Шілденің басында ер адам баланы балабақшаға алып барып, алайда алып кетуге қайта келмеген. Баланы мекемеге сәуірде тіркеген, бұған дейін күн сайын алып кетіп жүрген. Тәрбиешілер оқиғаның мән-жайын білу үшін ата-анасына қоңырау шала бастаған. Алайда анасы қоңырауға жауап бермеген, әкесі әкелікке тест тапсырғанын айтыпты. Нәтижесі теріс, яғни баланың әкесі басқа адам екенін білген. Бұл жағдайдан соң ол баласы үшін жауапкершілік алудан бас тартқан. Баламен бірге қалдырылған сөмкеден тек ауыстаруға арналған іш киімдері мен мобильді телефон табылған. Қазір баланы БАҚ беттерінде Сяо Жуй деп өзгертілген есіммен атап жүр. Сонымен қатар оны атасы мен ағасы да алып кетуден бас тартқан. Тәрбиеші баланың ата-анасы тұрған мекенжайға барып, олардың көшіп кеткенін білген. Кейін Сяо Жуйдың анасы байланысқа шығып, оны алып кетуге уәде беріпті. Тастанды бала туралы оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Бірі анасын жауапсыз деп айыптаса, енді бірі ер адам жақындарының барлығы баланы қабылдамаған соң, еріксіз тастап кетті деп топшылады. Басылымның мәліметінше, ер адам Қытай заңын бұзбаған, себебі ешқандай құқық бұзушылық жоқ. Ал анасы баласына қамқор болудан бас тартса, бес жылға дейін сотталуы мүмкін.