Алматыдағы атыс: Жараланғандардың бірі ауруханада көз жұмды
Алматыдағы атыс: Жараланғандардың бірі ауруханада көз жұмды
818
оқылды
Алматы облысы Есік қаласында болған атыс кезінде екі адам зардап шегіп, екеуі де ауыр халде ауруханаға жеткізілді. КТК телеарнасының мәліметінше, Алматы облысының ПД науқастың бірі ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. "23 шілдеге қараған түні Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам ауыр халде жеткізілді. Оларға оқ тиіп жараланғаны белгілі болды. Дәрігерлердің шұғыл ота жасағанына қарамастан, ауруханаға жатқызылған науқастардың бірі бүгін түсте қайтыс болды", – деді Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова. Ведомствоның мәліметінше, екінші науқасқа қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан оның қазіргі жағдайы аса ауыр.