Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы көтеріліп кетті
Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы көтеріліп кетті
1,107
оқылды
Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы көтеріліп кетті. Оқиға кеше болған. Желіде тараған видеолардан жолдағы бетон көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.
«Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы Темірлан ауданы маңындағы бөлігінде (2234 км) ауа температурасының көтерілуіне байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны көтерілді» делінген Qazavtojol Turkestan мекемесінің Facebook парақшасында шыққан ақпаратта.
«ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымы ақауды жою жұмысын жүргізді. Оған Экскаватор, асфальт таптағыш машина, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған. Айта кетейік, маусым айында да «Самара – Шымкент» автобанының Төрткөл кенті аумағында бетон плитасы көтеріліп кеткен болатын.