"Барселона" жолдастық кездесуде "Реалдан" басым түсті
"Барселона" жолдастық кездесуде "Реалдан" басым түсті
274
оқылды
"Барселона" жолдастық кездесуде мадридтік "Реалдан" басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп, 1:0 есебімен каталониялықтардың жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды 27-минутта Рафинья соқты. Айта кетейік, бұл матчта "Барса" сапында поляк шабуылшысы Роберт Левандовски дебютін өткізді. Ол негізгі құрамда ойнады, ал 46-минутта оның орнына Пьер Обамеянг алаңға шықты.