Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - жүкті әйел
Павлодар облысында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - жүкті әйел
Павлодар облысы Екібастұз қаласында жол апаты болып, бес адам зардап шекті. Оның бірі - 20 жастағы жүкті әйел. Жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жүктілікті тоқтату қаупі жоқ, амбулаториялық ем ұсынылды. Автокөліктің жолда жылқымен соқтығысқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі жергілікті парақшалардың бірінде пайда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жол апаты Екібастұз - Солнечный кенті автожолында орын алған. Салдарынан бес адам зардап шеккен, оның төртеуі Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
"Тағы бір 20 жастағы әйелде мидың жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, оң жақ төбе аймақтың жұмсақ тіндерінің, оң тізе буынының жарақаты анықталды. Жағдайы орташа, ауруханаға жатқызудан бас тартты", - деді басқарма өкілдері.
Бұдан басқа, 19 жастағы жігітке бет сүйектерінің жарақаттары диагнозы қойылды, реанимацияда, жағдайы тұрақты ауыр. 34 жастағы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, бас миы шайқалған, маңдайының оң жақ тұсы соғылған, сол және оң жақ білектің жұмсақ тіндері жарақаттанған, екі қолы соғылған. Травматологиялық бөлімге жатқызылды, жағдайы орташа ауыр.