Құтқарушылар жоғалған журналистің денесін тапты
Құтқарушылар жоғалған журналистің денесін тапты
257
оқылды
Құтқарушылар Астана су қоймасына батып кеткен журналист қыздың денесін тапты. Ақмола облыстық ТЖД қатты жел тұруына, су түбінің ластануына байланысты іздеу жұмыстарында қиындық туындағанын атап өтті. Сүңгуірлер эхолот көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша суға сүңгіді. Оқиға орнында 10 құтқарушы, иісшіл иттер, стационарлық эхолотпен жабдықталған моторлы қайықтар жұмыс істеді. Іздеу жұмыстары бес күнге созылды. Жазатайым оқиға Арнасай ауылының маңында болған. Қыз гидроскутерге мініп, су айдынында серуендеген.