Тоқаев Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Тоқаев Сауд Арабиясы Королін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
272
оқылды
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық пен серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Салман бен Әбделәзиз Әл Саудты еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Джидда қаласына ресми сапары аясында Сауд Арабиясы тарапына орденді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.