Маңғыстауда сел болып, көліктер су астында қалды

Маңғыстауда сел болып, көліктер су астында қалды

Маңғыстау облысында жаңбырдан кейін бірнеше көлік су астында қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін көліктерді су басты, – деп хабарлайды "Лада". Оқиға бүгін "Көк шығанақ" ауданында болған.

«24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі – бала», – деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
https://www.youtube.com/watch?v=uH8CAQZgJc8&feature=emb_title