Ақтөбе облысында далада мал бағып жүрген адамға жай түсті. ТЖД баспасөз қызметі "Мой город" порталына берген түсініктемесінде төтенше жағдай орын алған жерге Мұғалжар ауданы Ембі қаласының құтқарушылары мен дәрігерлер аттанғанын жеткізді. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды.