Қостанайда тәртіп сақшыларына дөрекілік танытқан жүргізуші полициядан кешірім сұрады. Қостанай тұрғыны көпшілік алдында TikTok арқылы полицейлерден кешірім сұрады.
"Қостанай қаласының жағажайында полиция қызметкерлеріне және қоғамға агрессив мінез-құлық көрсеткенім үшін Қостанай қаласының полиция қызметкерлері мен тұрғындарынан кешірім сұраймын. Өзімді неге солай ұстадым? Өйткені сол күні жол апатына ұшырадым, Ravon көлігі соғып, көлігімнің бамперін бүлдірді, мен халыққа қарап, агрессиямды басу үшін қалалық жағажайға бардым. Сол кезде алдымнан қызметкерлер шығып, жанжал туды, сол үшін олардан және сіздерден, Қостанай қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен бәрін де жақсы көремін және құрметтеймін, ақымақ емеспін", – деді Қостанай қаласының тұрғыны Фархат Маликов TikTok желісінде.https://www.tiktok.com/@mercedesbenz63amgw211/video/7123825627949436165?referer_url=https%3A%2F%2Fwww.inform.kz%2F&referer_video_id=7123825627949436165&refer=embed&referer_url=http://192.168.10.20:8080/pograd/new_article