Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Ақтөбеде қылмыстық топ мүшелері ұсталды
3,352
оқылды
Ақтөбе полициясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті кәсіпкерлерді бопсалады деген күдікпен қылмыстық топ мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ құрамында деструктивті ағым жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет екі жас жігіттен ақша бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Сонымен бірге олардың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Егер қылмыстың осындай түріне тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз»,- деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.