Атырауда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты
Атырауда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам қаза тапты
Фото: mail.kz
647
оқылды
Атырау облысында екі көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше, 24 шілдеде сағат 23.00 шамасында болған. Республикалық «Атырау-Орал» тасжолының 19-шақырымында Toyota Prada мен «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алғандар да бар.   [caption id="attachment_207209" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption] Полицейлердің айтуынша, жол апатына қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілерді қағу, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу, жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп болады.