Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды – видео

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ ұсталды – видео

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ қолға түсті, – деп жазады Polisia.kz. Ақтөбе облысының полицейлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірге кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топты ұстады. Қылмыстық топ құрамында өзге діни ағымның жетегінде жүрген алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақша бопсалаған. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.   https://youtu.be/gHSby0qJMx8 Факті бойынша ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.