«Телефонмен сөйлеспеңіз» – Ақтөбеде найзағай түскен ер адам ажалдан аман қалды  

«Телефонмен сөйлеспеңіз» – Ақтөбеде найзағай түскен ер адам ажалдан аман қалды  
Фото: twitter.com

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы Үшқатты сайының маңында ер адамға найзағай түскен. Ол өріске мал айдап бара жатқан.

Ақтөбе облысы ТЖД-нің мәліметінше, ер адамды шұғыл ауруханаға жеткізген. Оқыс оқиға кеше сағат 08.35-те болды.

«Найзағайдан зардап шеккен ер адам Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. 1981 жылғы ер адам малды өріске айдап бара жатқан», – дейді дәрігерлер.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Найзағай көбінесе, биік ғимарат, ағаштарға түседі. Сондықтан олардан 50-60 метр қашықтықта болған дұрыс. Қолшатыр ұстау да қауіпті. Найзағай ойнап тұрған кезде қолшатырды пайдалануға болмайды. Телефонмен сөйлеспеген жөн.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.