Шығыс Қазақстанда жоғалған 3 жасар бала табылды
Шығыс Қазақстанда жоғалған 3 жасар бала табылды
Фото: ПД-нен алынды
4,878
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында кеше із-түзсіз кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Таврия ауылында жоғалып кеткен Әділхан Сейсембай аман-есен табылған.
«Жедел іздестіру нәтижесінде, үш жасар бала тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. Қазір бала үйінде, ата-анасының қасында. Ата-анасы іздестіруге көмектескен барлық азаматқа алғыс айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ресми ақпаратта.
Бұған дейін ШҚО-да 3 жасар баланың жоғалғанын хабарлаған едік.