Тимур Құлыбаев стратегиялық нысандарды шетелге сатып жатыр – Мәжіліс депутаты
Тимур Құлыбаев стратегиялық нысандарды шетелге сатып жатыр – Мәжіліс депутаты
Фото: web.archive.org
3,556
оқылды
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары ресейлік бизнесменге сатылғанын айтты. Бұл туралы Ерлан Саиров Facebook парақшасында жазды. «Тимур Құлыбаев тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты. «Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады. Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін», – дейді депутат.