Шымкентте бассейн мен шұңқырға түсіп кеткен балалардың халі нашар
Шымкентте бассейн мен шұңқырға түсіп кеткен балалардың халі нашар
Фото: basnews.kz
575
оқылды
Шымкентте демалыс күндері екі бала бассейн мен септикке түсіп кетіп, тұншығып қалған. Қазір екеуінің де жағдайы ауыр. Шымкент қалалық ТЖД-нің мәліметінше, оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын үй алабында болған. Жедел жәрдем қызметіне түнгі сағат 22.30-да жеке тұрғын үйдің ауласында үш жасар бала бассейнге құлап кеткені туралы хабар түскен. Зардап шеккен бала шұғыл қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Баланың халі мүшкіл. Дәрігерлер бүлдіршінге аспирациялық синдром, мидың ісінуі деген диагноз қойған. Ес-түссіз жатқан кішкентай науқасқа медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Екінші оқиға бүгін түнгі сағат 00.05 шамасында болған. «Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданында жеке тұрғын үйдің ауласында үш жасар бүлдіршін септикке құлап кеткен. Ол ересектердің қарауынсыз қалған. Қазір бұл бүлдіршін де қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа, аспирациялық синдром деген диагноз қойылған», –  делінген ресми хабарламада.