Мемлекет басшысы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады
Мемлекет басшысы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады
© inform.kz
201
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясына қатысады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Парламент Мәжілісінде айтып берді. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты бұл конференцияға ұйымдастырушылар шақырды. Әрине, ол шақыруды қабыл алып, қатысатынын айтты. Маған де жеке шақырту келіп түсті. Мен де Президентпен бірге осы коференцияға қатысамын», - деді М. Тілеуберді. Оның айтуынша, Мюнхен конференциясы аясында Президент пен министрдің екіжақты кездесулері жоспарланған. «Әсіресе, мені «Мультиреализм үшін альянс» форумы қызықтырып отыр. Бұл – еуропалық бағыттағы жаңа тенденция және біз осы өзгерістерді зерттеуге, осы альянстың қызметіне белсене қатысуға ниет білдіріп отырмыз», - деді министр.