Кувейттің жаңа премьер-министрі тағайындалды
Кувейттің жаңа премьер-министрі тағайындалды
Фото: aawsat.com
501
оқылды
Кувейттің жаңа премьер-министрі болып шейх Ахмед ан-Наваф аль-Ахмед ас-Сабах тағайындалды. Жексенбі күні Кувейт әмірінің ұлы Ахмед ан-Наваф ел әмірі кеңсесінің жарлығымен Кувейт үкіметінің басшысы болып тағайындалды. Ал уақытша премьер-министр шейх Сабах әл-Халидті қызметінен босады. Ахмед ан-Наваф бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. Жаңа премьерге министрлер кабинетін жаңадан құру тапсырылды. Ал Кувейттің бұрынғы премьері Сабах аль-Халид үкімет пен парламент арасындағы текетірес салдарынан 2019 жылдан бері төрт рет отставкаға кеткен болатын, – деп хабарлайы Asharq Al-Awsat.