Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
507
оқылды
Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеген. 2008-2011 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған. Кейінгі жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.