Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды
Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды
217
оқылды
Алматы тұрғындарын «тендерлерді жеңіп беремін» деп 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталып, қамауға алынды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді әйелді ұстады.
«Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 млн теңгеге жетті», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.