Жол бойынан өтіп бара жатқан полицейлер пәтерге терезе арқылы кіріп, шабуылшыны ұстап, бөлімшеге алып кеткен.
Кейін оқ атқан шабуылшы бұрынғы полиция қызметкері екені белгілі болды. Ол екі адамды жаралаған болуы мүмкін, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
"Оның екі жәбірленушіге қатысты әрекеті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Ер адам біраз уақыт оқшауда болды, қазір ол үйінде, өйткені қамауға алу баптарында санкция қарастырылмаған. Ол енді қауіп төндірмейді", - деп түсіндірді ШҚО ІІД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.