Керекуде кезекті отырыс өтті
Керекуде кезекті отырыс өтті
269
оқылды
Павлодарда «Мастер-прос­транс­тво» бастауыш партия ұйымының базасында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты іске қосқан BIR TOLQYNDA диалог алаңы­ның отырысы өтті. Сарапшылар Жаңа Қазақстан жастарына қажетті білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм атты үш құндылықты талқылады. Жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова бұл жиынның маңызын атап өтті. – Бүгінгі диалог алаңы, шын мәнінде, керемет спикерлерді жинады. Біз қонақ ретінде қоғамдық пікір көшбасшыларын, барлық алдыңғы съездердің делегаттарын, ел жастары үшін лайықты үлгі болып саналатын аға буын өкілдерін тарттық. Талқылаудан кейін жұмыс шалғай ауылдық округтерге де бағытталады, – деді ол. Павлодарлық «Мастер-пространство» бизнес-хабының негізін қалаушы Жәмила Ерназарова бизнесті дамытуға мүдделі барлық жаспен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізді: – Біз бизнес-хабты диалог алаңын өткізуге арналған платформа ретінде ұсынғанымызға қуаныштымыз. Кездесуге елі­міз­дің болашағына бей-жай қарамайтын жастар өкілдері келді, бұл өте қуантады. Өз кезегінде «Нұр-Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова жас ұрпақты жетілуге, оқуға және еңбекке ұмтылуға шақырды. – «Мен шаршадым» деген сөзді ұмытыңыздар. Сіздер жас, креативті адамсыз­дар, қазіргі Қазақстанның болашағы – сіздердің қолда. Сіздерден мына біздің, аға ұрпақтың да үйренері көп. Жас буынды дұрыс, тура жолға бастайтындарыңызға біз нық сенеміз, – деді спикер. Жиынға жуырда ғана Ертісте суға батып бара жатқан үш баланы құтқарған 33 жастағы азамат Андрей Карандашов та қатысты. – Мен өз ісімді қандай да бір батырлық деп санамаймын, менің орнымда әркім осы­лай істейтін еді. Әр адам әділеттіің, ба­тыр­лықтың лайықты үлгісі бола алады – ол үшін табиғаттан тыс ештеңе жасаудың қажеті жоқ, ар-ұжданмен өмір сүріп, игі істер жасау жеткілікті, – деді ол.

Азат ҚАЗАҚ