Желіде 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалардың видеосы тарады
Желіде 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалардың видеосы тарады
Полицейлер көпқабатты үйдегі пәтердің бір терезесінен шығып, үйдің сырт қабырғасындағы шығыңқы жер арқылы екінші терезеге кіріп-шығып жүрген балалар туралы видеоны тексеріп жатыр. Әлуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Оқиға Ақтау қаласындағы 32 «б» шағынауданында орналасқан «Атакент» тұрғын үй кешенінде болған. 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түскен.
«Видео әлеуметтік желі арқылы келіп жатыр. Бүгін 25 шілде сағат 10-нан кете болған. Естуімше, балалардың анасы дүкенге кеткен», - дейді осы үйдің тұрғыны.