Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісімін бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Еріктілік - бұл адамның еркі. Волонтерлер - өз еркімен істеушілер. Мен бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Менде төтенше және өкілетті елшінің дипломатиялық дәрежесі бар. Бірақ бұл еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесін маңызды деп санаймын. Бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан бірге жұмыс істейтін боламыз", - деді Президент.