Қостанай облысында зиратты тонамақ болғандар ұсталды
Қостанай облысында зиратты тонамақ болғандар ұсталды
Фото: kstnews.kz
168
оқылды
Қостанай облысында зиратты тонағандар ұсталды. Бұл туралы «Костанайские новости» сайты хабарлады. Қылмыскерлер Октябрьское аулындағы зиратты тонап жатқан жерінен ұсталған.
«Ауыл тұрғындары металл жинаушыларды ұстады. Ұрылар бейіттегі қоршауларды жұлып жатқан. Тұрғындар учаскелік полиция мен жедел топты шақырды», - делінген ақпаратта.
Куәгерлер полицияға кінәлілерді жауапқа тарту туралы өтініш түсірген. [caption id="attachment_207373" align="alignnone" width="1200"]қостанай Фото: kstnews.kz[/caption]
«Қостанай аудандық полиция бөлімінің полицейлері зираттан металл қоршауларды ұрлаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. 23 шілдеде Октябрьское ауылында екі ер адам қабірден 17 қоршауды ұрлап, «Газель» автокөлігімен оларды алып кетуге тырысты», - деді облыстық Полиция департаменті өкілдері.
Қазір қылмыскерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.