Қызылорда облысының экс-әкімі бостандыққа шықты
Қызылорда облысының экс-әкімі бостандыққа шықты
7 жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты. Бұл туралы Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 2020 жылы желтоқсанда Қуанышбек Ысқақов алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығы шектеліп, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы үкім өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім жаза тағайындау бөлігінде өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылды. Ысқақов сот алдында жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен, яғни айыппұл немесе бас бостандығын шектеу түрімен ауыстыру туралы өтініш білдірді» делінген сот хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, бұрын ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталғанға ұсынылған мінездемені қолдап, жазаны өтеу барысында экс-әкім «белгіленген ішкі тәртіп ережелері мен режим талаптарын» бұзбағанын нақтылады.
«Оған қатысты екі көтермелеу шарасы қолданылды, жазалау шаралары жоқ, жеңілдетілген жағдайларда ұсталады, дәрежесі қылмыспен келтірілген екінші оң, мүліктік залал ретінде айқындалды, мемлекеттік баж, іс жүргізу шығындары мемлекет кірісіне және жәбірленушілердің өтемақы қорына толық өтелді. Сондай-ақ, ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзбағанын айтты. Жәбірленушінің өкілі жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішке қарсы емес екенін айтты. Осының негізінде сотталған Ысқақовтың жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен – 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеумен, қосымша жаза түрін өтеуден босатпай ауыстырылды», – деді Қызылорда қаласының № 2 соты өкілдері.