Көшеде көкпар тартқандарды жауапқа тартты – видео
Көшеде көкпар тартқандарды жауапқа тартты – видео
Фото: polisia.kz
431
оқылды

Алматы маңындағы Талғарда көшеде көкпар тартқан шабандоздарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде бір топ шабандоздың көшенің қақ ортасында көкпар тартқан видеосы тарады. Бейберекет көкпар тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Полицейлер көкпарды ұйымдастырушылар мен шабандоздарды анықтады. Оларды ӘҚБК-нің 434-бабы мен 593-бабы және 614-бабы бойынша әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес, жауапқа тартты. https://youtu.be/nMF49CBC5BA Сот көкпарды ұйымдастырушыға және оған қатысқандарды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алуға санкция берген.