Үкімет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту туралы кеңес өткізді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды primeminister.kz.
Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.