Елордалық құтқарушылар өрттен 20 адамды құтқарды
Елордалық құтқарушылар өрттен 20 адамды құтқарды
© сурет интернеттен алынды
289
оқылды
Елордалық құтқарушылар өрттен 20 адамды құтқарды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі. "Бүгін 14 сағат 14 минутта «101» пультіне Күйші Дина 39/1 мекенжайы бойынша өрт болып жатыр деген хабар түсті. 7 минуттың ішінде өрт сөндірушілер өрт орнына келген кезде екінші қабатта пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада. Кіре берісте қою түтін болғандықтан, құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп кетті. Өрт сөндіру кезінде АКК баспалдағы және құтқару маскасы арқылы жалпы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Өрттің салдарынан әртүрлі жарақатпен ауруханаға алдын-ала болжам бойынша 12 адам жеткізілді, олардың 6 –уы бала (нақты зардап шеккендер саны анықталуда). Өкінішке орай өрт сөндіру кезінде 4 қабаттан 1987 жылғы қыз баланың денесі табылды.  Өрт 14.37-де ауыздықталып, 14.41-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге 9 бірлік техника және 31 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.