Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам көз жұмды
Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, бір адам көз жұмды
368
оқылды

Оқиға қаладағы Жетісу-3 ықшам ауданында болған. Құрылыс басында 1989 жылғы слесарь мерт болып, тағы бір жұмысшы жарақат алғаны белгілі болды.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін кешкі сағат 17:42 шамасында болған.
«Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полициядан.