Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жеделсатыда қамалып қалған әйелді адамды құтқарды
Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер жеделсатыда қамалып қалған әйелді адамды құтқарды
1,367
оқылды
Оқиға күндіз сағат 15: 20-да Айнакөл көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде орын алған. 
"Айнакөл көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі жеделсатыда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер электр сымдарының тұйықталуынан от тұтанып, 12-ші және 13-ші қабат аралығында тұрып қалған жеделсатыда бір әйелдің қалып кеткенін анықтады",– деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Елордалық №10 өрт сөндіру бөліміне қарасты бөлімше командирі Жанат Алтаев пен өрт сөндіруші Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз орындап, адам өмірін сақтап қалды. Көрсетілген шұғыл көмек үшін құтқарушыларға жедесатыда қалып кеткен әйелдің қызы алғыс білдірді.