Қарақшының әйелге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Қарақшының әйелге шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
9,813
оқылды
Астаналық әйелге шабуыл жасаған қарақшыны Нұр-Сұлтан полициясы ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті қоғамдық көлікте 62 жастағы әйелдің мойынындағы үлкен алтын әшекейді байқап, тонамақ болады. Әйел автобустан түскенде ер адам оның соңынан еріп, бірге үйдің кіреберісіне кіреді. Жәбірленуші баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда, оған шабуыл жасап, мойнындағы әшекейін жұлып алған. Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Анықталғандай, сол күні қарақшы ломбардқа 140 000 теңгеге құны 300 000 теңге тұратын әшекейді өткізіп жіберген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты. https://www.youtube.com/watch?v=QFigyZMoMY8&feature=emb_title