Альварес Головкинмен болатын айқас алдында бапкерінен бас тартты
Альварес Головкинмен болатын айқас алдында бапкерінен бас тартты
532
оқылды
Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды. Бұл туралы  Mundo Deportivo басылымы хабарлады. Мексикалық боксшы ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілген соң командасына біршама өзгеріс енгізген. Канелоның физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сондай-ақ Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетпек. Головкин мен Альварестің жекпе-жегі биыл 17 қыркүйекке жоспарланған. Ол Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.