«Айқын» газетінің ұжымы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті студенттерімен жүздесті.
Кездесуге факультет деканы Қайрат Сақ, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторы Нұрмұхамед Байғара, бас редактордың бірінші орынбасары Амангелді Құрметұлы, шығарушы редактор Гүлзина Бектас және шолушы Халима Тәжіқұл қатысты.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, еркін пікір алмасты. Жаңа медиа, БАҚ төңірегінде сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды. Одан бөлек, бүгінгі әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмады.
Келешекте «Айқын» газеті мен Журналистика және саясаттану факультеті арасында тығыз байланыс орнап, факультеттің бес студенті «Ментор және менти» жобасы аясында тәлімгерлік тәжірибеден өтеді.