Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің «Әл-Айн» клубымен келісімшартқа қол қойды. Талантты жартылай қорғаушы мансабын жаңа деңгейге көтеруге шешім қабылдапты. Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы Бауыржан Исламханды ресми түрде ойыншысы ретінде таныстырды. Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоүндеу жарияланды.
26 жастағы жартылай қорғаушы клубтағы ең қымбат үш ойыншының қатарына кіреді. Сондай-ақ БАӘ чемпионатында трансфер құны бойынша үздік 10 ойыншының қатарына қосылды. Осыған дейін Бауыржан Исламхан Алматының «Қайратында» доп тепті. Жанкүйер футболшы бойындағы талантқа тамсанып, алаңдағы айласына қол соқты. Қанша тырысқанымен, «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионы деген мәртебелі атаққа қолы жетпеді. Ақыры клубтан еркін агент ретінде кетіп, ресейлік «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына қатысты. Алайда аталған клуб Исламханға емеурін танытпады. Нәтижесінде, Бауыржан БАӘ еліндегі «Әл-Айнның» ойыншысы атанды. А.ЖОЛДАС«Әл-Айн» клубы қазақстандық жартылай қорғаушымен 5 айға келісімшартқа отырды. Бауыржан Исламхан медициналық тексерістен өтіп, клуб мүшесі ретінде алғашқы қадам жасады. «Қайраттың» экс-ойыншысының таңдауы түскен «Әл-Айн» – БАӘ-нің 13 дүркін чемпионы. Белгілі команда енді Исламхан секілді талантты ойыншымен толығып, чемпиондық жолын жалғауға күш салады.